Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2019

Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы

2019 жылдың 25 қазан күні «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» КММ – де 1 – 11 сынып оқушылары үшін «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» ортақ тақырыбымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Барлығы 1- 11 сыныптар бойынша 292 оқушы, мектеп ұжымы және сынып жетекшілер ( 37 ұстаз) шараның өткізілуіне атсалысып, қатысты. Сыныптарда тұжырымдамаға сәйкес «Менің қымбаттыларым, сүйіктілерім», «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы», «Отбасы – бақыт мекені» « Менің отбасымның тарихы» «Отбасының рухани құндылықтары», т.с.с тақырыптарда өткізілген сынып сағаттарында оқушылар отбасы, отбасындағы құндылықтар, мейірім, адамгершілік, сыйластық, туыстық сияқты ұғымдарды қамтып, өз бойларына осы ізгі қасиеттерді сіңіргендіктерін байқатты және бөлісе білді. Сынып жетекшілер қоғам мен әрбір тұлғаның маңызды байланысын, мектептің тәрбие мен білім берудегі орны және отбасындағы қарым-қатынастың рөлі туралы ой өрбіте алды. Сол арқылы әрбір оқушының жеке тұлға екендігі, ал отбасында әрбір тұлғаның өзіндік орны болатындығы баса көрсетілді.
Сынып сағаттары әңгіме, инсценировка, тілдесу, сұрақ-жауап, ойын сияқты түрлі формаларды қамтыды.
Нәтижесінде оқушылар өз Отбасы тарихын зерделеп, салт-дәстүрге, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығына бір табан жақындап, өзара сыйласымға, өзара түсіністік пен құрметке ұмтылды.