29
январь
2018
Жас ұлан ұйымына қабылдау
«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі- бақшасы»КММ
Мектепішілік бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының өтілуі туралы мәлімет
Аталған мектепте 2016 жылдың 15-желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектепішілік бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Жиынға мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар қатысты.
Жиын барысында ұйымға қабылданатын оқушылар ант беріп, 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына, 5-сынып оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Жоғарғы сыныптың оқушылары 1-сынып оқушыларына төсбелгі тағып, 5-сынып оқушыларының мойнына галстук байлады.
Бұдан кейін «Жас Ұлан» ұйымының гимні шырқалды. Сонымен қатар, 7-сынып оқушысы Шоманов Ернұрдың орындауында «Жаса, Қазақстан» әні орындалды.
Жиын соңында мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі құттықтау сөз айтып, 25 жұлдызды күн барысында белсенділік танытқан оқушыларға және осы атаулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған әртүрлі сайстардан жүлделі орын алған оқушыларға «Мақтау қағаздарын» табыстады.
Салтанатты жиын 45 минутқа созылды.
Мерекелік шара мұнымен шектеліп қалмай, дәл осы күні «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Ақжар ауылдық мәдениет үйіндегі ауыл тұрғындарына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап ұйымдастырылған мекеркелік концетте өз өнерлерін ортаға салды. Концерт жоғары деңгейде өтті. Мектебіміздің оқушылары ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.

Теги:
праздничные мероприятия