Сұранысқа ие мамандықтар
Қазақстандық жұмыс берушілер орта білімді техника мамандарына мұқтаж. Бұл туралы бүгін жұмыс берушілердің кадрлық сұраныстарын анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманың қорытындысы туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте "ҚР ДСӘДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді. Сөз барысында ол 2015 жылы алғаш рет "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып 3700 жұмыс берушілер арасында мамандықтар мен кәсіптеріне қарай