29
январь
2018
Батырлар аллеясына экскурссия
«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ
Патриоттық тәрбие бағытында батырлар аллеясына ұйымдастырылған экскурсия туралы мәлімет
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», » патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты — наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды. Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Осы орайда 2017 – 2018 оқу жылы 13 қаңтарда мектептің 7-9 сынып оқушылары аудан орталығынан ашылған батырлар аллеясына өлкетану пәні мұғалімі А.Билаловамен және және сынып жетекшілерімен бірге экскурсия жасап қайтты. Мұнда оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан ұлы есімдермен танысып қана қоймай, олар туралы өз білімдерін кеңейтті. Өздерінің елін қорғау жолында жанын аямаған боздақтарымыз жайлы тыңдай отырып, өздері де ел мүддесі үшін күресуге әрқашан әзір екендіктерін жалындай жеткізді.
Қазақстандық патриотизм — Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіретінін ескерсек бұл экскурсия оқушылар үшін өте маңызды әрі қызықты бола алды.

Теги:
патриоттық тәрбие