Отбасы шағын мемлекет » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2020

Отбасы шағын мемлекет

«Отбасы – бақыт мекені» апталығы аясында

2020-2021 оқу жылының 10-22 қыркүйек аралығында «Отбасы –шағын мемлекет» атты отбасы апталығы өтті. «Отбасы – шағын мемлекет» атты отбасы күніне байланысты апталықтың ашылуы 10 - қазан күні болды. Ашылу жиынында апталықтың өтілу жоспарымен таныстырылып, онлайн және офлайн тапсырмалар берілді. Оқушыларға суреттер байқауы берілді.Суреттер  байқауына 1-4 сыныптар аралығында және 5-8- сынып оқушылары қатысты. 6-қазан күні «Әжем, атам қасымда!» атты  онлайн  суреттер көрмесі өтті. Аталған көрмеге бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Сонымен қатар, апта барысында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында шығарма байқауы үздіксіз жүргізілді. 2-4 сыныптарда «Әке – отбасы тірегі», 5-10 сыныптарда «Отбасы – аялы алақан мекені» атты тәрбие сағаттары апта барысында өтіп жатты. Апталықтың соңғы күні «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбен мектеп психологы ата-аналармен конференция өткізді. Өткізілген барлық іс-шараға марапаттар берілді.

Похожие публикации: