26
октябрь
2018
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты «Жасөспірім және Заң» тақырыбымен өткен жалпы ата-аналар жиналысы
2018 жылы 22 қыркүйек күні сағат 17. 00 де «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі- бақшасы» КММ-нің акт залында құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты «Жасөспірім және Заң» тақырыбымен 0 – 8 сынып ата-аналары арасында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Оған 87 ата-ана қатысты. Жиналысқа арнайы аудандық сот, прокуратура, аудандық ауруханадан мамандар шақырылды . Жиналыста күн тәртібінде бекітілген мәселелер қарастырылды. Олар:«Құқықбұзушылық және заң» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Г.Чинбаеваның баяндамасы,«Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбымен мектеп психологі И.Аббасованың ата-аналарға кеңестері,«Ер жетер ұл есіне, бой жетер қыз есіне...» тақырыбындағы мектеп медбикесі Г.Сатыбалдиеваның түсіндірме –ағарту жұмысы, « Қыз – ибалы, ұл иманды болса, ел іргелі болмақ» тақырыбында 8-сынып жетекшісі А.Мусинаның,«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында 7-сынып жетекшісі К.Берекенің баяндамасы мен пайдалы кеңестері. Жиналған ата-аналар күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдады. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікірлері тыңдалды.