12
февраль
2018
Күн шуағын төккен жан
«Б. Тұрлыханов атындағы орта – мектебі» КММ 12 ақпан күні өткен «Күн шуағын төккен жан» тақырыбындағы сыныптан тыс ашық іс – шара туралы мәлімет
Мектепте 2 ақпан мен 13 ақпан аралығында өзін – өзі тану пәні онкүндігі өтті. Онкүндік аясында 12 ақпан күні «Күн шуағын төккен жан» тақырыбындағы сыныптан тыс ашық іс – шара өткізілді.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымы арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына , ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Сара Алпысқызының өмірі жайлы деректер беріліп, ана туралы ұғымдарын кеңейтті. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, оқушылар өздерінің сезімдерін, шынайы көңіл-күйлерін көрсете алды. Ана жайында ән айтылып, өз жүректерінен шыққан тілектерімен де бөлісті.
Жалпы алғанда, сыныптан тыс іс-шара барысында оқушылар достық, махаббат, бауырмалдық, сүйіспеншілік сезімдерін арттыра түскендігі анық байқалды.

Теги:
родителям