19
ноябрь
2018
Жемқорлық - індет, күресу-міндет
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Сондай-ақ, еліміздің ертеңі – бүгінгі оқушылар,«Адал ұрпақ» еріктілер клубының елеулі іс-шаралары да осы жемқорлыққа қарсы күрестің бірден бір белдісі болып табылып отыр. Қараша айының 6 – 13 аралығында «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» КММ-де «Жемқорлық – індет, күресу-міндет!» тақырыбында апталық ұйымдастырылып, онда 4 – 6 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Нәтижесінде ІІІ орынды 5-сынып оқушылары Қосанова Дана, Қадырханова Балнұр, ІІ орынды 5-сынып оқушысы Амантай Еркін, І орынды 6-сынып оқушысы Ахашев Нұрасыл иеленіп, өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айқын жеткізе білді. Апталық аясында клуб мүшелері жадынамалар, брошюралар таратты. Оқушылар өз құқықтарымен және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілермен де танысты.
Клубтың әр мүшесі бұл іс-шараға өз үлесін қосуға белсенділікпен атсалысты. Жоғары сынып оқушылары «Адал әрі ашық мемлекет» , «Біздің мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарымен бейнероликтер әзірлеп, қойылымдар да көрсетті. Ең үздік қойылым әзірлеген 8-сынып оқушылары марапатталды.
Алдағы уақытта да іс-шаралар жалғасын тауып, клуб мүшелері жемқорлықпен күрес, насихат жұмыстарын жандандыра түсуді жоспарлауда.