27
октябрь
2018
"Ел ертеңі болашақ ұрпақ" блиц-турнир
Тәрбиеленуші жас ұрпақты бала жастан бастап қоғамда өмір сүріп, қалыатасуға бейімдеу қажет: басты психологиялық қасиеттер ерік-жігер, мейірімділік, зейін, сезім, қарым-қатынас дағдысы, туған өлкемен танысу сияқты қабілеттерін дамыту керек.
Рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін біз әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз: әңгімелесу арқылы олардың не ойлайтынын, қандай қасиет қалыптасқандығын анықтай аламыз.
Балалар – еліміздің басты тұрғындары. Бүгінгі партада – ертеңгі Қазақстанның болашағы отыр. Олардың қандай болып өсетіндігінен, еліміздің қандай болып дамитындығы тікелей байланысты. Ұстаздың басты мақсаты – оқушылардың болашаққа арман-тілегінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету, білім беру, болашаққа ұстанымын бекітуіне жағдай жасау.
Сондықтан да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» КММ-де «Ел ертеңі – болашақ ұрпақ» тақырыбымен 1 – 4 сыныптар аралығында блиц турнир өткізілді.
Блиц-турнирде «Сұңкар», «Білімділер», «Мықтылар»деп аталған топтар қатысты.
І тур «Бәйге» деп аталды. Онда оқушыларберілген сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы ұпай жинады.
ІІ тур «Ханталапай» кезеңі. Мұнда оларға берілген жұмбақтарды үш тілде шешімін айту арқылы өз білімдерін сынап көрді.
Әр оқушының сайыс барысында өзінің жаңалық ашуы, білгенімен бөлісіп, білмегенін үйренуі, сол үшін қуануы өте маңызды. Әр оқушының жетістігі, тіпті әлсіздеген оқушының жетістігі – ол бүкіл топтың жетістігі,
ІІІ тур «Жеті ғалам» кезеңінде оқушылар ребустар шешіп, математикалық есептер орындап, әдебиет пен ана тілінен, еліміздің тарихы мен туған өлке тарихынан өз білімдерін сынап көрді. «Сұңқар» тобы өздерінің бірліктері мен білімдерін ерекше байқата білді. Оқушылар өздеріне көптеген қызықты да тың мәліметтер алды.
Соңғы «Шешен» атты ІҮ турда қатысушылар өздерінің ораторлық қабілеттерін де көосетті. Олар қызықты, қуанды, бірлесіп ойнады, өз пікірлерін дәлелдеді. Олар топта жұмыс жасады, жеңіс үшін бірлікпен әрекет етті, бір-бірлеріне көмек көрсетті.
Әр оқушыға назар аударылды, әр күткенге – мадақ айтылды, әр ойланғанға – ортақ жетістіктің қуанышы сыйланды. Бұл – блиц-турнирдан күтілген нәтиже, турнир барысында қол жеткізілді. Дәл осы нәтижені біз әр оқушының сенімді әрі қуанышты көзінен көре білдік.