Ата-аналар жиналысы хаттама » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2021

Ата-аналар жиналысы хаттама

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің   «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп бақшасы» КММ  2021-2022  оқу жылындағы 6-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен құқық бұзушылықтың алдын алу және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша   өткізілген  ата-аналар жиналысының

Хаттамасы №1



Қатысқандар: 

Мектеп директоры  Аркабаева М.К 

Директордың тәрбие ісінің орынбасары: С.Р Сулейменова, 

Мектеп психологі Ш.Т Шакенова 

Кәмелетке толмаған балалар ісін қарайтын инспектор Р. Өмірбеков 

Мектеп медбикесі  Сатыбалдинова Г, 

Аудандық аурухана педиаторы: Мырзабекова Р.Ж.



Тақырыбы:  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен ерте жүктіліктің алдыналу.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу.  Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі: С.Р Сулейменова 
  2. АПБ ЖПҚБ КТІБ УПИ құқық бұзушылықтың басты себептері. Р.Өмірбеков 

Мектеп директоры М.К Аркабаева 

  1. «Ерте жүктілік қоғам дерті, қауіп-қатер»  Аудандық аурухана дәрігері Мырзабекова Р.Ж 

ТЫҢДАЛДЫ

Мектеп директоры М.К Аркабаева  күн тәртібімен таныстырып, ата-аналарды не мақсатпен жинап отырғаны туралы түсіндіріп, жиналысты ашып берді. 

Бірінші мәселе бойынша  директордың тәрбие ісінің орынбасары С.Р Сулейменова сөз алды.        2021-2022 оқу жылында  «Б.Тұрлыханов   атындағы  орта  мектеп –бақшасы» бойынша оқушылар саны -354. 1- 4 сыныптарда -152 оқушы, оның ішінде 73-і   қыз бала, 5-9 сыныптарда  - 171  оқушы, оның ішінде 67 – қыз бала, 10-11 сыныптарда -31 оқушы, қыз бала саны-19. Көп балалы отбасы саны -66, оның ішінде бала саны -128, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны-32,  қамқорлықтағы бала саны -3, жартылай жетім -30 бала, өгей әкесімен тұратындар -2, өгей анасымен  тұратындар -3 оқушы.  Сәтсіз отбасы -2, толық емес отбасы бала саны -28 ді құрады. Қарамоил ауылынан тасымал арқылы оқитын оқушылар саны -19,оның ішінде қыздар саны - 6. 1 аусымда – 16 оқушы, 2 аусымда -3 оқушы тасымалданады.Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте  үйірме, факультатив, сыныптан тыс спорттық үйірмелер өткізіледі. Аталған іс-шараларға 5 сыныптан бастап 11 сынып оқушылары толық қамтылған. Спорттық ойындарға арналған  үйірмелердің 9 түрінен 300 оқушы қамтылған, іс-шаралар жоспары бекітіліп, кестеге сәйкес сыныптан тыс сабақтар жүргізіліп отыр. Мектепте «Ұлағат» қыздар ұйымы жұмыс атқарады. Соңғы 3 жыл көлемінде төмендегідей жұмыстар атқарылды. Болашақта қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, болашағы жарқын қыздарды тәрбиелеу мақсатында   қыздар жиналыстары, әр түрлі тренинг, дөңгелек үстел, пікірталас-дебаттар , іскерлік сабақтары жоспарға сай өткізілді. 2020 жылдың ақпан айында аудандық гинеколог дәрігер А.Е.Сарсенованың қатысуымен ЗУМ платформасы арқылы дәріс сабағы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушы қыздар тікелей байланыс арқылы сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдады. Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында толық мағлұматтар берілді. Сонымен қатар қыз балаларға тазалық, жеке гигиена, қыз балалардың сыныптағы қарым-қатынасы, имандылығы туралы әр түрлі баяндама, тренингтер өткізілді. Оқу жылының аяғында «Қызым-үйде, қылығы-түзде» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп,  жазғы уақытта ата-ананың бала тәрбиесіне,  денсаулығы мен  өмір-қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты екендігі туралы нақты үнемі нқты айтылып отыратындығынжеткізді. 

       2021-2022 оқу жылында   Үржар ауданының мектеп оқушылары арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөніндегі іс –қимыл жоспарына сәйкес ведомствааралық жоспарды негізге ала отырып, 11 қазан күні аудандық аурухана орталығымен бірлескен қыздар жиналысы ЗУМ платформасы арқылы  өткізілді. Қатысқан акушер маманы К.Жаканова. Сонымен қатар ерте жүктіліктің салдары мен қауіптері туралы қыз баланың гигенасы туралы  8-11сыныптарға мектеп медбикесі тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желіге орналастырылды.

             Кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік қауіпті жағдай болу себептері анықтауда өмірдің қиын жағдайға тап болған балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды айқындау және әлеуметтік бейімдеу бойынша ата-ана міндетін орындамайтын, ата-аналар анықталып, 2020-2021 оқу жылында мектепте сәтсіз деп танылып, екі отбасы мектепішілік есепке  алынды. Екі отбасының бірі Семей қаласына көшуіне орай,  Н.Г есімді қыз бала сәтсіз отбасынан шығарылып, желтоқсан айында Ішкі істер органдарының ішкілікке салынғанотбасының әкесіне іс қозғалғандықтан осы мектепте оқитын бір отбасының 7 «Б» және 9 сынып оқушысының үйлері араланып, АКТ жасалып, сәтсіз отбасы тізіміне алынғандығы айтылды. Қазіргі таңаудандық тізімде 

Екінші мәселе бойынша бойынша мектеп директоры «Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 12-18 жас аралығындағы балалар вакцинациялау басталғанын айтып өтті. Қазіргі таңда короновирустық инфекциясы әр түрлі мутацияға ұшырап, жаңа штамптары анықталуда. Мәселен ОМИКРОН. Қазіргі кезде балалардың көп ауырып жатқанын бәріміз білеміз. Балаларымыздың денсаулығы үшін вакцинациялану болып табылады» Вакцинация бойынша, балалардың денсаулықтарының маңыздылығы туралы түсіндірме беріп, 12 жастан асқан балаларға вакцинация ерікті түрде, ата-анасының келісімімен жүретіні айтылды, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. 

Үшінші мәселе бойынша аудандық аурухана дәрігері Мырзабекова Р.Ж.
 жиналыста короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеудің бірі- вакцинация туралы мәлімет берді. Сондай-ақ тек біздің ғана елде емес барлық дүние жүзі бойынша вакцина алып жатқанын жеткізді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина-«Комирнати»вакцинасы «Pfizer» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати»вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркелген. Пфайзер вакцинасын төтенше жағдай болғанда қолдануға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Израйль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Шветция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина секілді мемлекеттер толық вакцинацияланды. Пфайзер вакцинасы ауруды жұқтырмауының тиімділігі   95%-дан асатынын көрсетті.Осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып,  ата- аналардың сұрақтарына жауап берді. Мұнда екпе салынған жердің ауырсынуы, қызу көтерілуі 2-3 күн әлсіздік болуы мүмкін. Әрине, балаларды вакцинациялау сіздердің яғни, ата-ананың рұқсатымен ғана жүргізіледі. Дегенмен, ауырып ем іздегеннен , ауырмаудың жолын қарастыру әлдеқайда оңай екендігін есте сақтағанымыз абзал екендігін жеткізді. Ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын естіп қанағаттанарлық жауаптар естіді.

Шешімі

         Балалардың иммунитетін көтеріп, короновирустық инфекцияның балалар арсында таралу қаупін болдырмау мақсатында Пфайзер вакинасымен вакцинациялау ерікті түрде жүргізілуі басшылыққа алынсын.