03
декабрь
2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мектеп директоры М.К.Аркабаева
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалуы туралы
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары бойынша 13-ші қадамның 9 - тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде азаматтық-патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілік мән-мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы енгізілді.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының 2016-2017 оқу жылындағы апробациясы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді. Бүгінгі күні мектебімізде жұмыс істеп жатқан «Адал Ұрпақ» ерікті клубының негізгі міндеттері жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізе ала отырып, мектепте «Адал ұрпақ» клубының жоспары бойынша оқу жылы басынан бірнеше іс-шаралар өткізілді. «Адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді. Қыркүйек айында мектептің мәжіліс залында «Адал ұрпақ- болашақ негізі» тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Адалдық сағатын өткізудегі басты мақсат: өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын нығайта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыра отырып, баланың бойында қалыптасып жатқан адами қасиеттерді нығайту болып табылады.
Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик презентациялар, буклеттер, сыбайлас жемқорлыққа байланысты бейнеленген көрнекіліктер қолданылып, көрсетілді. Оқушылардың дайындығымен ұсынылған көріністердің мағынасы өмірде кездесетін барлық мәселерді көрсете отыра, кері байланыс арқылы өзара талқылануымен аяқталды. Өткізілген жиындарға ата-аналар, ұстаздар да қатынасты. Жиынға қатынасқан ата аналар пікірталасқа қосылып, болашақта еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Сонымен қатар биылғы оқу жылында 17 қыркүйекте «Ашық мектеп» жобасы аясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында ата-аналардың көкейіндегі жүрген сұрақтарға ашық жауаптар берілді. Аталған ата аналар жиналысына аудандық білім бөлімінің мамандары қатынасты. Жиналыс соңы оқушылар дайындаған көріністерді тамашалаумен аяқталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «Айқын» республикалық саяси-қоғамдық газетіне берген сұхбатында: «Жемқорлық мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деген еді. Соған орай қараша айының 6-күні мектебімізде парасатты жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілді. Мектепте сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізіліп, оған барлық мектеп ұжымы мен оқушылары, мектеп әкімшілігі атсалысып, жергілікті атқару органының бас маманы Жуманова М.Ж келіп қатысты.
Сонымен қатар тарих пәні мұғалімі М.Нурбаевтың ұйымдастыруымен «Қоғамда тәртіп негіздері» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу, айту ұсынылды. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер кіргізілген. Пікірталас барысында «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мағынасын толығырақ ашу туралы бірнеше тапсырма берілді. Оқушылар мүлдем төзбеушілік яғни, әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе, ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керектігі жайлы айтып өтті.Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Сондықтан да мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңызы зор.
Құқық қорғау органдар халықпен кездесулер өткізіп, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың назарына жеткізулері қажет, азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет деп оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Оқу барысында мектебімізде әр түрлі іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп отырады. 2018-2019 оқу жылы «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты 5-10 сыныптар арсында театрландырылған қойылымдар өткізілді. Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа індет-жою міндет!!» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 3-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды. Ең үздік деп танылған жеңімпаздар мектепшілік лездемеде мақтау қағазымен марапатталды.
Аталған тақырып төңірегіндегі жұмыстар тоқсан сайын ұйымдастырылып, «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады?», "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс", "Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры" сынды тақырыптарда қабырға газеттері шығарылып, сынып сағаттары өтілді. Бұл жердегі мәселе -әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесу мақсатын көздеді.
Өткізілген іс шаралар қорытындылары аудандық БАҚ құралдарына, мектеп сайтында жарияланды.