07
декабрь
2019
"Жас ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау
Қарашаның айының 29-шы жұлдызында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы»КММ-да 29-шы қараша күні бір ерекше мерекелі күн болды. Өйткені ҚР Тұңғыш Президент күні мереке қарсаңында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің ең үздік 33 оқушы «Жас Қыран» 34 -оқушы қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын топ басшысы 5 сынып оқушысы Азаматұлы Әділ рапорт тапсырды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Болашақ ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы »КММ -нің директоры Манар Касенқызы Арқабаева сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді.Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.