Ерлік сабағы » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Ерлік сабағы

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен          , ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды.

Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.  Осы орайда жоғары сынып оқушыларымен ауылымыздағы  Ардагерлер ескерткішіне барып, тағзым етіп ерлік сабағын АӘДТ жетекшісі Т.Сағатов өткізіп қайтты.

Похожие публикации:

08 февраль 2021 Адалдық сағаты
17 январь 2020 Адалдық сағаты