Есірткі есіртеді » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ноябрь
2023

Есірткі есіртеді

«Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-де есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде  түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз «Жастар арасындағы нашақорлық» тақырыбымен 7- 11сыныптар арасында жиналыс болып өтті. Шараның мақсаты есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту мақсатында Байтілеуов Р, ДТІЖО Чинбаева М.Г. мектеп тәлімгері Билалова А.С нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне залалы туралы жинақтаған ақпаратымен бөлісті. Арнайы бейнебаян мен жинақтаған материалдарымен бөліскен, көкейдегі сұрақтарға жауап табылған басқосу болды.