Қамқоршылық кеңес хаттамасы
«Б. Тұрлыханов атындағы орта мектеп бақшасы» КММ-cі
Қамқоршылық кеңес мүшелерімен кезектен тыс өткізілген жиналыс хаттамасы
Қатысқаны: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері
Қатыспағаны: жоқ
Күні: 19.11.2021
Күн тәртібінде
- Аудан әкімінің шыршасына баратын оқушыларды анықтау. Қамқоршылық кеңес ұйым мүшелеріне ұсыну.
- Шыршаға баратын оқушыларды бекіту.
Барсы :
- Сөз кезегін директордың тәрбие ісінің орынбасары Сулейменова Салтанат Рысказыевна 2021 жылы, Президенттік жаңа жылдық шыршасына мектептен қамқорлықтағы балалар, жетім, атаулы әлеуметтік көмекті алатын, көп балалалы аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қамтамасыз ету керек. Мен сіздерге қазір тізімді ұсынып, оқып шығайын мектепте қамқорлықта 2 оқушы бар, 5-8 сыныптарда көп балалы аз қамтылған 29 оқушы, АӘК алатын 22 отбасы бар. Соның ішінде Азатова Ботагөз аз қамтылған толық емес отбасы. Толық емес отбасын растайтын құжаты бар. Азатова Ботагөздің анасы 3 баланы әкесіне тастап кеткен. 3 баланың бірі мүмкіндігі шектеулі бала. Жалғыз басты әке қазіргі таңда үш баланы өзі тәрбиелеуде. Өмірлік қиындыққа қарамастан Азатова Ботагөз үлгілі оқушыларымыздың бірі. Тізім ұсынылды, сіздердің шешімдерің қажет. Қамқоршылық кеңестің төрайымы А. Қасымбаева сөз алып, сіз берген тізімдегі оқушыларға президенттік шыршасына бірауыздан Азатова Ботагөздің баруына келісімімізді береміз.
- Президенттік шыршасына аталған оқушы Азатова Ботагөзге келісім беру туралы шешім бекітілді.
Жарыс сөз: Қамқоршылық кеңестің мүшесі Айнур Қасымбаева сөз алып өз ойын жеткізді, осындай әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған оқушыларға әр түрлі көмектер беріліп жатыр, дұрыс деп ойлаймын рахмет сіздерге және аудан әкіміне.
Қаулы:
- Президент шыршасына баратын оқушысы бекітілсін.
- Президент шыршасына баратын оқушы 7 «Б» сынып оқушысы Азатаова Ботагөз мектептегі қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілсін.
Жиналыс төрайымы: М.К Аркабаева
Хатшы: Омарова А
Қамқоршылық кеңес төрайымы: А Қасымбаева
Кеңес хатшысы: А Омарбекова
Кеңес мүшесі: А Хамзина
Кеңес мүшесі: М Жуманова
Кеңес мүшесі: Е Сарсенбаев
Кеңес мүшесі: Г Сатыбалдиева
Кеңес мүшесі: Е Өсербаева
Кеңес мүшесі: А Байканакова