"Менің бақытты отбасым" тәрбие сағаттары » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2022

"Менің бақытты отбасым" тәрбие сағаттары

Отбасы дүниеге шыр етіп келген сәбидің бірінші рет өзін сенімді сезінетін, жан рахатына бөленетін, алғашқы бақыты. Отбасының жаңа қосылған мүшесіне анасы дүниеге келген сәттен сүйіспеншілікке толы үнмен оған жалғыз емес екенін, әкесі жанында ,қолдаушысының әрқашан арқасүйер асқар таудай сенімді тірегінің бар екенін сездеруге тырысып жатады. Сәби мына кең дүниені жанұясының ашып берген көзі арқылы көре бастайды.Жылдар жылжып балалық шағы өтіп, жастық шағы жетіп, жеткіншек болады.Отбасы өмірдің әр баспалдағына өз аяқтарымен басу үшін, сәбиін қанаттандырып өмірге баулиды.Балаға жан қиярлықты , жақсы мінез бен иман негіздерін үйрететін ең ауқымды тәрбие мекені. Әр адам ұлттық мәдениет, дәстүр және құндылықтарды отбасынан мирас етіп алады. Адам баласы қайғыны да, қуанышты да отбасымен бөліседі. Жауапкершілік, әділеттілік және де ар-намыстың не екенін отбасында көреді. Адамгершілік сезімдері қалыптасады. Алғашқы дағдыларды меңгереді, осы жерде бала алғаш басына түскен әртүрлі тұрмыс иірімдерінен шығады. Осы иірімдерден шығуда анамыз бен әкеміз бізге көмектеседі.