07
декабрь
2019
Ұланбасы сайлауы
Ұланбасы сайлауы»
Мектепте өзін – өзі басқару ұйымы мүшелерінің бастамасымен Ұланбасын сайлау іс – шарасы өтті.
Іс – шара ең алдымен Ұланбасы сайлауы болатындығы туралы хабарландырудан басталды. Мектепшілік жиында Ұлынбасына үміткер болуы үшін қойылатын талаптар айтылды. Талаптар төмендегідей:
1. Үміткер «Жасұлан» мүшесі болуы керек
2. Үлгілі оқушылардың қатарынан болуы керек
3. Пән бойынша олимпиадалар немесе спорттық жарыстардың жеңімпазы болуы керек
4. Мектепшілік іс – шаралардың белсенді қатысушысы болуы керек
5. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы керек және басқа да жақсы қасиеттерге ие болуы керек
Іс – шара үміткерлердің сайлауалды дайындығынан бастау алды. Ол үшін үміткерлер мектептегі оқушыларға арналған жарнама тақтаға өздері туралы мәлімет және өз бағдарламаларын жариялады.
Сайлау барысында белсене ат салысқан 8- сынып оқушысы 2017-2018 жылдың Ұланбасы сайлауының жеңімпазы Серікқанова Сымбат.
Жиынның өткізілуіне жауаптылар тәлімгер Г.О.Исабаева және ұйымының мүшелері, сондай – ақ Серікқанова Сымбат болды. Жиналыста сөз Серікқанова Сымбатқа беріліп, ол үміткерлерге Ұланбасының міндеттері мен мақсаттары туралы түсіндірді. Сондай – ақ жиында сайлау комисиясының мүшелері сайланды. Комисия мүшелігіне Серікқанова Сымбат ,Тоқтыбаева Карина ,Қадырханова Әсел және мүғалімдерден тәрбие ісінің меңгерушісі Чинбаева Майра Гапуовна, тәлімгер Исабаева Гаухар бекітілді.
Комиссия мүшелері сайлауға қатысатын барлық оқушыларға сайлау барысы туралы түсіндіру шараларын жүргізді.
Сайлау қыркүйектің жиырмасы күні болды. Сайлауға 5-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, сайлауда оқушылардың 95% -і белсенділік танытты.
Сайлау аяқталысымен комиссия мүшелері дауыстарды санап, қорытындыларын оқушылар жиынында хабарланып, хабарландырулар тақтасына ілінді.Сайлау қорытындысы бойынша жеңімпаз 9- сынып оқушысы Болатбекова Алина болып жарияланды.
Сайлау қорытындысы:
№ Оқушының аты-жөні Сыныбы пайызы
1 Болатбекова Алина 9 85 %
2 Исахметова Дильназ 9 80 %
3 Айдосқызы Аружан 10 75 %
4 Аллаберген Мәдина 8 73 %
5 Серікқанова Сымбат 8 70 %