"Шахмат ойнау" челлендж » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

"Шахмат ойнау" челлендж

«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2023 жылдың 13 сәуірде «Шахмат ойнау» челленджі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2023 жылдың 13 сәуір күні «Шахмат ойнау» челленджі ұйымдастырылды. Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Міндеттері: білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру; білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту; челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту; 

 білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.