13
июнь
2024
"Мектебім,саған мың алғыс!"түлектердің мектеп бітіру кеші
Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекені.Сондықтан 2023 - 2024 оқу жылы "Мектебім саған мың алғыс» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Түлектер жалпы орта білім туралы аттестатты қолдарына алды.