Буллинг,кибербуллингтің алдын алу » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2023

Буллинг,кибербуллингтің алдын алу

Баланың буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?

Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектептегі жағдайларды ата-анасына айтуға қорқады. Қысым көрген баланың мінез-құлығында ұйқы мен тамақтану режимінің бұзылуы, өзінен кішілерге агрессиямен қарау, өзгелерден оқшалану, тез шаршау, тыныштықта ұзақ отыру, оқу үлгерімінің нашарлауы, мектепке, барудан бас тарту, невротикалық белгілер тәрізді өзгерістер болуы мүмкін.

Ата-анасы не істеу керек?

Баладан осындай белгілер байқалған жағдайда онымен әңімелесіп, анық-қанығына көз жеткізген соң, бірінші кезекте қысым көрсеткен балалардың ата-анасымен сөйлесу қажет. Егер әңгімелесу нәтиже бермеген жағдайда, мектер директоры, психолог, учаскелік полицияны араластыруға болады.
Бастысы, бала бұл туралы ата-анасына, мұғалімге айтуға құқылы екенін білуі тиіс.

Қысымға ұшырамас үшін не істеу керек?

Бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Мектепте пәндердің қалай өткенін, дене шынықтыруда қандай жаттығулар жасағанын, қатарластарымен қарым-қатынасының қандай екенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Сол сияқты буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда бала қатарластары туралы айтатын болады. Бала сіз тарапынан психологиялық және эмоционалдық қолдауды әрдайым сезінуі тиіс.


Кибербуллинг деген не?

Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып та адамды қорқыта алады. Мамандар кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп жатқанын айтуда. Интернет арқылы қорқытудың ерекшелігі — жүйелілікте және мақсатты түрде болып табылады. Онымен қатар қысым көрсетушіні табу оңай емес. Сондықтан буллингте де, кибербуллинг жағдайында да жасөспірімдердің ұшырайтын психологиялық салдары депрессиядан, үрейдің күшеюіне және ауыр эмоционалды жарақатқа дейін жетуі мүмкін.