ВАКАНСИЯ » Коммунальное Государственное учреждение " школа - сад имени Б.Турлыханова"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ноябрь
2022

ВАКАНСИЯ

Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің

«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ :

1.Абай облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылы, Б. Тұрлыханов көшесі № 65 Б мекен жайында орналасқан, Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп- бақшасы» коммуналды мемлекеттік мекемесіне- педагог кәсіби бағдар беруші (1 бірлік)

Педагог-кәсіби бағдар беруші қойылатын  біліктілік   талаптары :

        Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Лауазымдық міндеттері:

Педагог-кәсіби бағдар беруші

1. Лауазымдық міндеттері:

      мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

      қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

      кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77 850–нан  93645 теңгеге дейін. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылы, Б. Тұрлыханов көшесі 65 Б. 

Анықтама   байланыс телефондары: 872230 3-80-20

Конкурсқа  қатысу  үшін  кандидат қызметті берушінің кеңсесіне, не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. 

Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.












Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа-сад имени Б.Турлыханова» отдела образования Урджарского района Управления образования области Абай объявляет КОНКУРС на основании правил назначения на должности, освобождения от должностей первых руководителей и педагогов государственных организаций образования, утвержденных приказом министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2020 года № 57 

          КГУ«Средняя школа - сад имени Б. Турлыханова» отдела образования   Урджарского района Управления образования области Абай, расположенного по адресу: Область Абай, Урджарский район, село Акжар, улица Б.Турлыханова № 65 Б

    Квалификационные требования к профориентатору : 

высшее и (или) послевузовское педагогическое или иное профессиональное образование по соответствующему профилю без предъявления требований к стажу работы или техническое и профессиональное педагогическое образование по соответствующему профилю. Сертификат национального квалификационного тестирования (далее-НКТ) или свидетельство о наличии квалификационной категории педагога-модератора, педагога-эксперта, педагога-исследователя, педагога-мастера (при наличии).

Должностные обязанности:

        Организует профориентационную работу в школе, обеспечивает организационно-методическое руководство профориентационной работой;

осуществляет деятельность, направленную на осознанный выбор профессии учащихся;

оказывает помощь обучающимся, воспитанникам, родителям учащихся или лицам, их замещающим, педагогическому коллективу в принятии решений по выбору профессии;

проводит диагностику по выявлению интересов, анализирует профориентационную диагностику;

осуществляет психологическую поддержку одаренных обучающихся, воспитанников с особыми образовательными потребностями, содействует их развитию;

проводит экскурсии на предприятиях, организует встречи (беседы) для учащихся с интересными людьми разных специальностей;

повышает профессиональную компетентность, использует современные методы и технологии;

ведет документацию по установленной форме;

обеспечивает защиту жизни, здоровья и прав детей;

соблюдает правила безопасности и охраны труда, противопожарной защиты. 

Должностной оклад: 77 850 до   93645 тенге в зависимости от выслуги лет. 

Срок, место подачи заявки на участие в конкурсе: документы должны быть представлены в течение 7 рабочих дней со дня публикации объявления по адресу: Область Абай, Урджарский район, с. Акжар ул. Б. Турлыханова 65 Б, для справок  контактные телефоны: 872230 3-80-20

Для участия в конкурсе кандидат представляет в приемную школы, либо государственную корпорацию, либо на портал следующие документы:

1) заявление по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам;

2)документ, удостоверяющий личность, либо копия электронного документа из сервиса цифровых документов (для идентификации);

3) личный листок по учету кадров и фото;

4) копия документа государственного образца об образовании и свидетельство о прохождении профессиональной переподготовки для обучения детей, обучающихся на дому.

5) копия документа, подтверждающего трудовую деятельность;

6) справка о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № МЗ РК-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" ;

7) справка с психоневрологической организации;

8) справка с наркологической организации;

9) заполненный оценочный лист кандидата на вакантную или временно вакантную должность педагога по форме согласно приложению 11.

    Для участия в конкурсе кандидат дополнительно представляет на рассмотрение государственного органа, объявившего конкурс, материалы о его профессиональных достижениях, повышении квалификации, научных исследованиях, обобщении собственного педагогического опыта, наградах, информацию о достижении показателей эффективности (при их наличии). Документы, указанные в подпунктах 4), 5), заверяются с места работы службой управления персоналом (кадровой службой) или ответственным работником организации образования и заверяются печатью.

Отсутствие одного из указанных документов влечет отказ в приеме документов, поданных кандидатом для участия в конкурсе.











Похожие публикации:

27 октябрь 2022 Вакансия
19 август 2022 Вакансия
07 февраль 2022 Вакансия
07 февраль 2022 Вакансия
03 январь 2022 Мектеп тарихы